30 бала коронавирус жұқтырған

09 сәуір, 11:50

Фото: inform.kz

Қырғызстанда коронавирус инфекциясының 280 жағдайы расталған. Олардың 147-сі – әйел, 133-і – ер адам. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен брифингіде Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Мадемин Каратаев мәлім етті.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, олардың ішінде 15 жасқа дейінгі 30 бала бар, екеуі - бір жасқа дейінгі сәби, 16-дан 19 жасқа дейінгі - 11, 20-дан 35 жасқа дейінгі – 71, 35-тен 55 жасқа дейінгі 101, 55 жастан асқан 67 адам бар. Сондай-ақ ведомствоның дерегі бойынша елде 34 медицина қызметкерінен коронавирус расталған. Қырғызстанда бүгін COVID-19 вирусын жұқтырған тағы 10 жаңа оқиға тіркелді. Елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны – 280-ге жеткен. Олардың 34-і – медицина қызметкері. 25 адам емделіп, ауруханадан шығарылды. Төрт адам аурудан көз жұмды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации