11 дәрігер дерт жұқтырып алды

27 наурыз, 10:29

Фото: Uzbekistan Airways

Өзбекстанда коронавирус жұқтырған 65 адамның 11-і – Вирусология ғылыми-зерттеу институтының дәрігерлері. Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев мәлімдеген.

Алматы, NEGE. «Медицинасы қаншалықты дамығанына қарамастан, мемлекет қанша ақша бөлгеніне қарамастан, егер халық дәрігерлердің айтқанын тыңдамаса, пандемиямен күресіп жүрген мыңдаған адамның еңбегі зая болмақ.

Жергілікті телеарналар мен газет-журналдар тиімді жұмыс істей алмай жатыр.

Облыс, аудан, қала басшыларына қатаң ескертемін, эпидемиологиялық жағдай сендердің жеке мойындарыңда. Сендер күн демей, түн демей жұмыс істеулерің керек. Режимді бұзудың салдары қалай боларын жұртқа түсіндіріңдер.

Мәселен Язъяван ауданының Беруни махалласында тұратын әйел ұмра қажылыққа барып келіп, үйінде 120 адамды шақырып той жасаған. Нәтижесі белгілі, өзі де отбасы мүшелері де вирус жұқтырған. Тағы қанша адамға жұқтырғаны белгісіз», – деді Мирзиеев.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации