WhatsApp-та жаңа функция пайда болды

05 наурыз, 15:22

Фото: сурет ғаламтордан алынды

WhatsApp мессенджері енді қара түсті болады, – деп хабарлайды компанияның блогы.

Алматы, NEGE. Компаниядағылардың айтуынша, жаңа функция мессенджерлерде қаңтар айының соңында тестілеуден өткізіле бастаған. Ал енді ол iOS және Android қосымшаларында пайда болды.

WhatsApp-тағы қара түсті режим көздің ауыруын алдын алады дейді жаңа функцияны әзірлегендер.

Android 9 және iOS-тың ескі нұсқаларын қолданушылар қара түсті функцияға былай өте алады: WhatsApp баптау > Чаттар> Түстер > Қара. Ал бірақ iOS 13 орнатылмаған iPhone қоладнушыларында бұл функция жұмыс істемейтіні айтылады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации