Жолды уақытылы тазаламаған компанияларға 4 млн теңге айыппұл салынды

26 ақпан, 09:37

Фото: ғаламтордан

 Ақтөбеде мердігер мекемелерге 4 млн теңге көлемінде айыппұл салынады. 

Алматы, NEGE. Мекеме жұмысшылары қаланы қардан уақытылы тазаламаған. Кей көшелердің қарын кешігіп шығарған. Мұндай салғырттық үшін 67 заңды және лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жолға жауапты ұйымдардың кейбірінде қажетті техника жеткіліксіз. Салдарынан қала маңындағы бірнеше елді мекенде көлік қозғалысы қиындаған. Жалпы жыл басынан бері мердігер мекемелерге кемшілікті жою туралы 400-ден астам ұйғарым жолданыпты. Бүгінде облыс орталығындағы жолдар мен жаяу жүргіншілер жолағын қардан тазалауға 7 компания жауапты.

Облыстық полиция департаментінің бөлім бастығы Еркін Өтеген: "Елді мекендер стандартқа сәйкес алты сағаттың ішінде тазартылып болуы керек. Ең бірінші бізде автобустық маршруттардың орны тазартылуы керек. Тоқтау аялдамалары және жаяу жүргінші өтпелері тазартылуы керек. Қазіргі уақытта ондай жағдайлар болды. Міндетті түрде шаралар қолданылады. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органға арнайы техниканы көбейту мәселесі бойынша ұсыныстар жіберілді", - деді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации