USD
USD
USD

Жарты миллион адам баспана кезегінде тұр

Биыл 4835 көп балалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. 

Жарты миллион адам баспана кезегінде тұр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Бұл туралы ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істер комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов айтты.

 «Бүгінгі күні 530 мыңнан астам азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Көрсетіліп жатқан қолдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін осы жылы Кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық базасы іске қосылды. Осы база мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған және онда тұрғын үйге мұқтаж азаматтар мен кезекте тұрғандар бойынша анық мәліметтер бар», – деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірінші кезекте көп балалы отбасылар сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етілетіндігін айтты.

«Бағдарлама іске асырылған кезең ішінде 30 мың отбасына тұрғын үй беруді көздеп отырмыз. Оның ішінде биыл 4 835 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады», – деді Мархабат Жайымбетов.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов