Жаңаөзенде 4 қарақшы инкассаторлық көлікке шабуыл жасады

04 желтоқсан, 17:57

Фото: inbusiness.kz

Жаңаөзенде 4 қарақшы инкассаторлық көлікке шабуыл жасады. Ұрылар 73,6 млн теңгені қолды қылған. Жаңаөзенде бәз біреулер инкассаторлық көлікке шабуыл жасап, жалпы сомасы 73 миллион теңгеден астам қаражатты ұрлап кетті, деп хабарлайды Atameken Business.

Алматы. NEGE. Қылмыс кеше кешкі сағат 6:30 шамасында Жаңаөзендегі банк бөлімшелері бірінің маңында жасалған. «Пышақпен қаруланған 4 қарақшы көлікке баса көктеп кіріп, ақшаға толы 3 қап пен 1 мультикассетаны ұрлаған. Осылайша 62,5 млн тенге, 20 мыңға жуық АҚШ доллары мен 495 мың ресей рублі қолды болған. Инкассатор жүргізушісі қарақшылар тізгіндеген көлікке 5-6 рет оқ атқан көрінеді, алайда қылмыскерлер іздерін суытып үлгерген. «Жаңаөзен қаласының полиция басқармасы «Ұстау» жоспарын жариялады»,– деген ақпарат тарады. Алайда, Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты әлі үн қатқан жоқ, ал екінші деңгейлі банк өкілдері болса қарақшылық фактісін растады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации