Жаңа қаулы: Алматыда карантин шаралары күшейді

28 қаңтар, 11:05

Фото: ғаламтордан

Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды.

Алматы, NEGE. Қаулыда мәдени нысандардың, оның ішінде, театрлар мен кинотеатрлардың қызметіне тыйым салу, сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінің, яғни жабық мекемелердегі балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының, батуттардың және басқалардың қызметіне тыйым салу туралы айтылған.

"15 адамнан аспайтын топтардың жиынтығын сақтау кезінде кезекші топтардан басқа мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салуды қамтамасыз ету. СОО, сауда үйлері мен сауда желілерінің қызметін жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеледі, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. Ірі кәсіпорындардың жұмысын шектеу", - делінген қаулыда.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации