Жамбыл облысында соңғы екі жылда парақорлықтың 110-нан астам фактісі тіркелді

17 қаңтар, 15:15

Фото: belnaviny.by

Соңғы 2 жыл ішінде Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара берудің 113 дерегін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тараз, NEGE. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді тетіктерді қалыптастыру бойынша жүйелі шаралар қабылдануда. Осы тұрғыда Жамбыл облысында тиісті жұмыстар өз деңгейінде жүзеге асуда. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Әділхан Әшірбаев айтып берді. «2020 жылы Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тұжырымдамалық шаралар көздейтін Заңға қол қойған болатын. Аталған Заңда Мемлекет басшысының 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін жазаны қатаңдату және оған қарсы іс-қимылдың жаңа құралдарын енгізу туралы тапсырмалары іске асырылған», - дейді департамент басшысы. Оның айтуынша, агенттік пен оның аумақтық департамент өкілдері өткен жылдың соңында қабылданған - қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері туралы заңнамалық өзгерістерді жан-жақты түсіндірген. «Соңғы 2 жыл ішінде Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара берудің - 113, парақорлықта делдал болудың - 79, бизнес жұмысына құқыққа қайшы араласудың 34 дерегі тіркелген. Өткен жылдың 1 қыркүйегіндегі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында пара берушілер мен делдалдардың жауапкершілігін күшейту тапсырылды. Бұл тәсіл халықаралық озық тәжірибеге толық сәйкес келетінін атап өткен жөн. Лауазымды адамдарды параға сатып алумен әдейі айналысатын, не заңсыз сыйақы беру кезінде делдал болған адамдар, елеулі қылмыстық жауаптылықта болуға тиіс», - дейді Ә.Әшірбаев.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации