Вируспен жеңіл түрде ауырғандарда дерт ұзақ уақытқа сақталады

22 ақпан, 10:56

Фото: ғаламтордан

Зерттеулер жеңіл түрде ауырғандарда дерттің кей нышандары сақталатынын анықтап отыр. 

Алматы, NEGE. Коронавирустың жеңіл түрімен ауырған адамдардың үштен бір бөлігі жазылып шыққан күннің өзінде вирустың ағзаға тигізген кері әсерінен зардап шегуі мүмкін. Вашингтон университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижелері осыны көрсетіп отыр. Мамандар вирусты жұқтырып, емделіп шыққан 200 адамды тексерген.

Олардың 14%-і дерттен сауыққан соң да шарашайтынын, тағы бір тобы иіс пен тамақтың дәмін сезбейтіндерін айтқан. Ғалымдар зерттеулерін одан әрі жалғастырмақ. Еске сала кетсек, әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 111 миллионнан асты.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации