Вакцина адамзаттың өмірін сақтап қала ма?

06 сәуір, 19:16

Фото: google.com

Арменияда коронавирустың үшінші толқыны өршіп тұр. Инфекцияның таралуын болдырмау және адамдардың өмірін сақтау тұрғысынан вакцинация маңызды рөл атқарады.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Армения Денсаулық сақтау министрлігінің Ауруларды бақылау және алдын алу ұлттық орталығы директорының орынбасары Гаяне Саакян мәлімдеді.

Арменияда коронавирус инфекциясының таралу өсімі байқалады. Қазіргі уақытта 20-дан астам медициналық орталық COVID-19 вирусын жұқтырған пациенттерге қызмет көрсетуге бағытталған. Бүгінгі таңда инфекцияның көбею қарқыны 1,2 құрайды.

Арменияда инфекция таралуының үшінші толқыны өзінің шарықтау шегіне жетті. Сарапшының айтуынша, инфекцияның таралуына қарсы тұру үшін әлеуметтік қашықтық, маска тағу және қолды дезинфекциялау секілді қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.

«Қазір бұл ережелерге вакцинация қосылды. Ол аурумен күресте маңызды рөл атқарады. Бүкіл әлемде жағдайды вакцинация арқылы тұрақтандыруға болады деген үміт бар», – деді Г.Саакян.

Сарапшының айтуынша, елде инфекцияның таралу қарқынын ескере отырып, Арменияда қауіп тобына кіретін азаматтар үшін вакцинаны мүмкіндігінше тез сатып алу өте маңызды болды.

«Вакцинация арқылы біз, ең алдымен, COVID-19 вирусынан болатын өлім жағдайларының алдын алуға тырысуымыз керек. Вакцинаның барлық түрлері осындай мүмкіндік береді. Яғни, вакцинация адамның коронавирусты жұқтырмайтындығына 100% кепілдік емес. Алайда, вакцинация ауырмауға мүмкіндік береді я болмаса егер адам ауырып қалса, ауруханаға жатпай-ақ ауруды оңай еңсеруге мүмкіндік береді. Вакцинация – адамдардың өмірін сақтап қалудың 100 пайыз кепілі» – деп атап өтті сарапшы.

Оның айтуынша, қауіп тобындағы азамттарды жаппай вакциналауды Ереванда 7-8 сәуірде, облыстарда - сәл кейінірек бастау жоспарланып отыр. Алайда, вакцинация процесі мүмкіндігінше тезірек басталуы үшін қолдан келгеннің бәрі жасалуда.

Еске сала кетейік, Арменияда COVID-19-ға қарсы вакцина ерікті түрде салынады. Бұған дейін Арменияға «Спутник V» вакцинасының сынама партиясы жеткізілген болатын, қауіп тобындағы 600-ге жуық адамға екпе салынды. 28 наурызда Astra Zeneca вакцинасының алғашқы партиясы (24 мың доза) Арменияға жеткізілді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации