ҰБТ толықтай электронды форматқа көшіріледі

26 қаңтар, 12:32

Фото: ғаламтордан

Ұлттық бірыңғай тестілеу толықтай электронды форматқа ауыстырылады.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Асқар Мамин мәлімдеді.

Премьер-министр білім саласындағы өзгерістерге тоқталды.

"400 балабақша ашылып, 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 99 пайызға жетеді. "Мектеп құрылысының жаңа үлгісі" арқылы 180 мектеп салынады. ҰБТ толық электрон форматқа көшіріледі. Отандық ғылымды жүйелі дамыту аясында жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысқа қаражат салуын орталықтандыру көзделген. 500 ғалымды әлемдік жетекші ғылыми орталықтарға тағылымдамаға жіберу ұйымдастырылады. Жас ғалымдарға 1000 грант бөлінеді. Өңірлердегі жоғары оқу орындарының сапасын арттыру үшін 20 академиялық басымдық орталығын құру бойынша жоба іске асырыла бастайды", - деді ол.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации