Түркістаннан Ыстанбұлға халықаралық әуе рейсі ашылады

25 ақпан, 09:22

Фото: ғаламтордан

Қазақстан 24 ақпаннан бастап Түркістаннан Ыстанбұлға халықаралық рейс ашады.

Алматы, NEGE. Қазақстандық әуе компаниялары («Эйр Астана» және SCAT) бұл бағытта аптасына төрт рейс орындайды, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі. Тиісті шешім эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне және Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне байланысты қабылданды.

Аталған шешімге сәйкес, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және Украинаға келесі бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайтуға рұқсат етілді: Алматы-Ташкент-Алматы: аптасына 4-тен 8 рейске дейін («Эйр Астана» мен Uzbekistan Airways 2 рейсі қосылады); Алматы-Бішкек-Алматы: аптасына 3-тен 5 рейске дейін («Эйр Астана» 2 рейсі қосылады); Алматы-Киев-Алматы: аптасына 1-ден 2 рейске дейін («Эйр Астана»1 рейсі қосылады). Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации