Түркістан толық газбен қамтылады

04 желтоқсан, 19:39

Фото: google.com

Түркістан қаласын көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында жыл соңына дейін «Ескі Иқан» автоматтандырылған газ тарату стансасы іске қосылғалы отыр.

Алматы, NEGE. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес шаһар тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша қызу жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімдік пен «ҚазТрансГаз» АҚ ортасында жүргізілген келіссөздер нәтижесінде газ қосу үшін тапсырылатын құжаттар «ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан 2 күннің ішінде қарастырылатын болады.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Меиржан Мырзалиев газға қол жеткізген тұрғындармен кездесті. Бұл күні Алтынбеков көшесінде орналасқан тағы 30 үй газға қосылды.

Қазіргі таңда Түркістан қаласында 52 мың абоненттің 12 мыңнан астамы табиғи газ пайдаланып отыр. Оған қоса 36 мың абонентке газ қосу қолжетімді болып тұр. Бұл көрсеткіш қала тұрғындарының 68% құрайды.

Күні кеше қаладағы Алтынбеков көшесінде тағы 30 отбасының үйіне табиғи газ тартылды.

Айта кетейік, Түркістан қаласын газдандыру 11 кезеңге бөлінген болатын. Бүгінгі таңда 10 кезеңнің құрылысы аяқталған. Қалған 1 кезеңін жүзеге асыру жүктелген мердігерлік ұйым «Отау Строй» ЖШС жыл соңына дейін 2 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, пайдалануға тапсыруы тиіс.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации