Тоқаев неліктен «Спутник V» вакцинасын салдырды?

07 сәуір, 17:17

Фото: ғаламтордан

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан Президенті неліктен "Спутник V" вакцинасын салдырғанын түсіндірді.

Алматы, NEGE. "Спутник V" де қазақстандық вакцина, яғни ол Қазақстанда өндірілген. Иә, субстанция Ресейде жасалды және барлық жерде, қораптың сыртында да вакцина Қазақстанда жасалған деп жазылған", - деді ДСМ басшысы. 

Телеарна мәліметінше, Алексей Цой қазақстандық препарат QazVac (QazCovid-In) шығуын күтеді.

Еске салайық, кеше, 6 сәуірде Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған "Спутник-V" вакцинасын салдырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеген болатын. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации