Теңіз кен орнында жұмысшылар вирус жұқтырды

20 қазан, 20:04

Фото: google.com

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында 9 жұмысшы COVID-19 жұқтырды, – деп хабарлайды «Мой город» порталы.

Алматы, NEGE. Өңірде жалпы 10 адам коронавирус жұқтырған.

«Ауру жұқтырғандар арасында Атырау облысының 1 тұрғыны мен Теңіз кен орнының 9 жұмысшысы бар», – делінген хабарламада.

Атырау облысында кейінгі тәулікте COVID-19 жұқтырған 32 адам аурудан айыққан. Олар үйде емделген. 

Қазіргі таңда өңірде 133 науқас үйінде емделіп жатыр.

Сонымен қатар, облыста 54 науқас инфекциялық стационарда емделіп жатыр. Олардың 28-і Атырау облыстық № 2 жұқпалы аурулар ауруханасында болса, 26 науқас Теңіз кен орнының инфекциялық стационарында ем қабылдап жатыр.

Айта кетейік, Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны 11 209-ға жетті. 10 948 науқас жазылды, 71 науқас қайтыс болды.

Ал Қазақстанда 109 623 адам COVID-19 жұқтырған. 105 145 науқас айықты, 1 796 адам көз жұмды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации