Тәжікстан азаматы шекарадан заңсыз тауар алып өтпек болды
06 сәуір, 18:53

«Қапланбек» кеден бекетінде заңсыз тауар алып өтпек болған Тәжікстан азаматы ұсталды, деп хабарлады Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. 4 сәуірде Ресейден Тәжікстанға бағытталған автокөлікте «Қапланбек» кеден бекетінде Түркістан облысы МКД-нің қызметкерлері ҚР ҰҚҚ қызметкерлерімен бірлесе жүргізген бақылау, тексеру жұмыстары кезінде декларацияланбаған оргтехника тауарлары барын анықтаған.
Тәжікстан азаматы Р.Т. жүк автокөлігімен тауарларды заңсыз алып өтпек болған.
Нәтижесінде жалпы құны 5 млн теңгеге жуық компьютердің жинақтаушы бөліктері тәркіленді. Аталған факт бойынша ұсталғандар жауапқа тартылды.