Танымал дизайнерді өлтірген күдікті 11 жылға сотталды
22 ақпан, 11:49

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Bisen» атымен танымал дизайнер Сәбит Сыраханның өліміне кінәлі адамға қатысты үкім шығарды.
Алматы, NEGE. Сот Сағыныш Дүйсенғалиевті ҚРҚК 99-бабы, 1-бөлігі «Кісі өлтіру» бойынша кінәлі деп таныды.
«Сот үкімімен С. Дүйсенғалиев 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сотталаушы қаза тапқан жігіттің отбасына 10 млн теңге моральдық залал өтеуге міндетті»,- деп хабарлады Соттың баспасөз қызметі.
Бұған дейін, прокурор айыпталушыны 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.