USD
USD
USD

Талғар ауданының әкімі Ерекешев командасымен ұсталды

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы облысы  қызметкерлері Талғар ауданының әкімі С.Қ.Ерекешев пен әкім орынбасары А.Ашимахун және Тұрғын үй шаруашылық шаруашылығы бөлімінің жетекшісі А.А.Шамаевты ұстағанын хабарлады.

Талғар ауданының әкімі Ерекешев командасымен ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 336-бабының 3-бөлімі бойынша айыпталып отыр. Яғни, жалпы көлемі 10 млн теңге пара алған. Қазіргі сәтте мамандар осы іс бойынша тергеу амалдарын жүргізуге кірісіп кетті.

   2020 жылдың 17 тамызынан бастап әкім қызметіне кіріскен Серікжан Ерекешев 2013 жылы Байсерке ауылдық округінің әкімі, 2016 жылдан Іле ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Жергілікті атқамінерлердің айтуынша, Серікжан Қазиұлы әкімдік қызметке кіріскен күннен бастап «өз білгенін» істеген көрінеді. Тіпті, кейбір азаматтар оның «құтырып» кеткенін де айтып жатыр. «Жаңа ғана естідім. Ұсталғаны рас екен. Өз командасымен бір-ақ кетіпті. Айналасы 4-5 айдың ішінде ұсталып жатса, не айтуға болады? Бәсе, келе салып бәрін қырып-жойып, тым «құтырып» кетіп еді» деді біз тілдескен азамат.

Ал бұл жөнінде Алматы  облысы әкімінің кеңесшісі Ғалымұрат Жүкелден сұрағанымызда, ол «Мен ресми өкілі емеспін ғой. Баспасөз қызметіне жүгіну қажет» деп жауап берді. Ал әкімнің баспасөз хатшысы Айдар Карбозов әдеттегідей телефон тұтқасын көтерген жоқ.

 Бұдан кейін тілшіміз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне телефон шалды. Баспасөз қызметінің өкілі бізге былай деді:  

– Бұған комментарий әзірге жоқ.

– Бірақ ұсталғандары рас қой...

– Комментарий берілмеді. Біз де сіз сияқты сұраймыз. Бізге қалай айтады, солай айтамыз.

Қазір оқып жатыр

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.