Шымкенттегі жаңа әуежай қашан пайдалануға беріледі? Теміржол возкалы ше? - Әкім жауабы

04 желтоқсан, 14:32

Фото: ғаламтордан

Соңғы кезде Шымкент қаласының әуежайы мен теміржол возкалына айтылатын сын көп. Яғни, бұл нысандарға күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп, кеңейтіледі дегелі талай жыл болса да, ешқандай өзгеріс жоқ. Бұл тұрғыда қала әкімі не дейді? Жаңа әуежай қашан салынып бітеді? 

Бұдан бұрын Шымкент қаласының әуежайы сатылымға шығарылған-тұғын. Электронды сауда алаңында пайда болған мәліметке сенсек, еліміздегі үшінші мегаполистің әуежайы 5 234 000 000 теңгеге бағаланған. Сондай-ақ, нысанның сатылымы қазіргі нарықтық баға бойынша сату-сатып алу келісімшарты арқылы іске асырылады делінген.

Сатып алушыға жүктелетін шарттар қатарында – кем дегенде алты миллиард инвестиция салу, шығынсыз қызметті қамтамасыз етіп, 2021 жылдан бастап жылына 150 миллион теңге табыс әкелу, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтап, жаңа жұмыс орнын құру бар. Қазір «Шымкент Әуежайы» АҚ-да 537 адам жұмыс істейді екен.

Шымкентте жарияланған сауданың жаңғырығы елордаға да жетіп, Парламент Мә­жілісінің депутаты Аманжан Жама­лов «Қазақ телеграф агент­тігінде»  Шымкент әуежайына қатысты сауда-саттық әлде­біреулерге тиімді екенін, сон­дық­тан оны қысқа уақыт ішінде, тез арада у-шусыз өткізіп жатыр деген пікір білдіргені есте.

Соңғы кезде Шымкент қаласының әуежайы мен теміржол возкалына айтылатын сын көп. Яғни, бұл нысандарға күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп, кеңейтіледі дегелі талай жыл болса да, ешқандай өзгеріс жоқ. Бұл тұрғыда қала әкімі не дейді? Жаңа әуежай қашан салынып бітеді?

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіне келген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов:

 «Қала республикалық үш мегаполистің қатарына кірген соң, халық саны да көбейіп жатыр. Қазіргі әуежай – заман талабына сәйкес емес. 2019 жылдан бастап «SCAT» әуе­компаниясы инвестор арқылы 35 мың шаршы метр болатын үлкен әуежай салып жатыр. Біз мұны биыл бітіріп, пайдалануға беретін едік. Індетке байланысты сәл созылып кетті. Себебі, материалдық жабдықтар шетелден келеді. Енді ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына қарсы тұсауыын кесеміз деп отырмыз. Бұл басқа қалалардағы әуежайлармен салыстырғанда ең үлкен әуежай болады» деп жауап берді.

Ал қала әкімі теміржол вокзалы туралы:

«Биыл вокзалды «Қазақстан темір жолынан» қабылдап алдық. Себебі, бұл вокзал да қаланың келбетіне лайық емес. Оған реконструкция жасап, үлкейтуге 6,2 млрд теңге қажет. Сол себептен жоспар құрдық. Негізі қала жоспары бойынша қаланың солтүстік бағытында жаңа заманауи вокзал салынуы керек. Сөйтіп, теміржолды қаладан шығарып, халықты «Бозарық» елді мекенінен отыратындай ету керек. Біз алдағы уақытта қаланың жоспарын өзгертейін деп жатырмыз. Ашық тендер өткізіліп жатыр. Егер жаңа теміржол возкалы салынса, қазіргі вокзалға жөндеу жұмысын жүргізіп, қалдырамыз. Жарты жылда нақты шешім қабылданады» деді.

Қоса кетсек, бүгінде Шым­кент қаласында  «SCAT» әуе­компаниясы» АҚ жолаушыларға арналған жаңа терминалдың құрылысын жүргізуде. Жалпы құны 21,5 млрд теңге болатын жаңа нысанның құрылысына аталмыш әуекомпания күні бүгінге дейін 4,8 млрд теңге жұм­саған. Алғашқы қазығы 2019 жылдың наурыз айында қаланған жаңа терминал биылғы қазан айында пайдалануға берілуі тиіс болатын. Жаңа терминал іске қосылған жағдайда мұнда бір мезетте 16 ұшаққа қызмет көрсетіліп, ұшу алдындағы тіркеуден сағатына екі мың адам өткізілетін болады. Сатылымға шығарылып отырған бүгінгі терминал сағатына небәрі 100 адамға ғана қызмет көрсетіп, жолаушылар ағынының жылдық көрсеткіші 800 мың адам болса, жаңа терминалда жолаушылар ағынының жылдық көрсеткіші 3,5 млн адамды құрамақ. Бір айта кетерлігі, «SCAT» әуе­компаниясы» АҚ қоғаммен бай­­ланыс бөлімінің жетекшісі Виктория Старожилованың мәлімдеуінше, Шымкент қала­сындағы ескі терминалды сатып алуға шарттарын компания ай­тар­лықтай қосымша шығын деп са­найды.Сондықтан олар үшін жаңасын салу тиімді ретінде саналған. Оның үстіне Шымкенттегі ескі әуежайды сатып алу конкурсына қатысу туралы жарияланған шарттар жиынтығы 700 млн теңгеден асатын қар­жы­лық жарна төлеуді талап еткен. Бұл бүгінгідей әуе қатынасы тұ­рақ­сыз болып тұрған шақта жаңа терминал құрылысын жүр­гізу, әуемаршруттар желісін да­мыту, компания өнімін ұлғайту мін­деттерімен қоса, мұндай қар­жыны біржолғы тәртіппен тө­леуді айтарлықтай қосымша шығын деп, бас тартқан. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации