Шымкентте мұғалімдерге ковидке қарсы екпе салына бастады

03 наурыз, 15:07

Фото: kt.kz

Егу науқанын сапалы өткізу үшін мыңнан аса медицина қызметкері дайындық курсынан өтті. Шымкентте мұғалімдерге ковидке қарсы вакцина егу басталды. Бұл үшін қалаға І-компонентті 4800 доза және ІІ-компонентті 3800 доза «Гам-Ковид-Вак» вакцинасы әкелінді, деп хабарлайды otyrar.kz.

Шымкент, NEGE.  Бұл жолы екінші кезеңге сәйкес КВИ-ға қарсы екпені мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, жоғары оқу орындарының қызметкерлері алады. Бұл топқа 15 мыңнан астам адам кіреді. Осы санаттағыларды вакциналау үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінде 21 егу кабинеті дайындалған. Мұғалімдерге екпе егу жұмыстары жергілікті тіркелген емханаларында жүргізіледі. Айта өтейік, вакцинация ерікті негізде жүргізіледі.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации