Шымкентте мектеп тапшылығы қиындық тудырып отыр

02 наурыз, 17:56

Фото: 24.kz

Шымкент мектептерінде оқу кестесі қайта қаралып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталуына байланысты енді 1-5 сыныптардағы барлық оқушы күндізгі оқу режиміне ауысады. Бұл туралы Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді. Бұрын сыныптардағы оқушы саны 15-тен аспайтын болса, енді 25 балаға дейін рұқсат беріліп отыр. Десе де, музыка пәні мен көркем еңбек сабағы қашықтан оқытылады. Қазір өңірде білім ошақтарының тапшылығы қиындық тудырып отыр. Пандемияға дейін 1 мың орындық мектептерде 4-5 мың балаға дейін оқыған еді. Қазір бұл мәселені реттеу жұмыстары жүріп жатыр.

Жанат Тәжиева, қалалық білім басқармасының басшысы:

- Бүгінгі күні бір Шымкент қаласында 185 мектеп бар. Егер тағы да қосымша 17 мектеп қосылатын болса, 200-ден астам мектеп Шымкент қаласында болатын болады. Сондықтан да бүгінгі күні инвесторлар арқылы өте сапалы, мықты жекеменшік мектептер де ашылуда.
 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации