Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасын атап өтуге бөлінген 600 млн теңгені игерді ме?

04 желтоқсан, 14:22

Фото: ғаламтордан

Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы болып жарияланғаны белгілі. Оған қанша қаражат бөлінді? Игерілді ме? Әлде, үнемделді ме?

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бұл тұрғыда Орталық коммуникациялар қызметіне келіп, журналистердің сұрақтарына жауап берген Мұрат Әйтенов: «Жыл басынан бері ТМД елдерінің мәдени  астанасы деген атағын алғанымызды абыроймен атап өтуге тырыстық. Бұл бізге жүктелген міндет. Жыл басында 600 млн теңге бөлінді. Біз Қажымұқан алаңында ашылуын өткізіп, 2300 іс-шара өткізуіміз керек еді. Өкінішке қарай, індеттің салдарынан бәрі тоқтатылды. Сол себептен 500 млн теңгені қысқарттық. Оның бәрін індетке қарсы күреске жұмсадық. Бірақ онлайн түрде 1700 іс-шара өткіздік. Жабылуы да онлайн өтті. Іс-шараның ашылуы мен жабылуы да мекемелердің өз күшімен жасалды. Демеушілік танытқандар да болды», - деді.  

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации