Шығыс Қазақстанда жеңгетайлар ұсталды

30 қараша, 19:52

Фото: google.com

Шығыс Қазақстан облысында «STOP трафик» жедел алдын алу шарасы барысында жеңгетайлықпен айналысып жүрген 3 адам ұсталды.

Алматы, NEGE. ШҚО Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Өскемен қаласының аумағында интимдік қызмет көрсететін 15 әйелді анықтады.

ҚР ҚК-нің 449-бабы (Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет атқару қағидаларын бұзу) бойынша 25 әкімшілік хаттама толтырылды.

«Сондай-ақ клиенттерге жеңіл жүрісті қыздарды ұсынып, жеңгетайлықпен айналысқан 60, 43 және 20 жастағы сауна әкімшілері ұсталған. Аталған факті негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Бұдан бөлек, жедел алдын алу шарасы барысында жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі тіркелген. 22 жастағы күдікті қазан айының басында 18 жастағы бойжеткенді интимдік қызмет көрсетуге тартты.

Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 308 бабы 1 бөлігімен тергеу амалдары жүргізілуде.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации