Шетелдіктер тегін емделе алады. Неге?

16 қазан, 19:01

Фото: google.com

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар мен пана іздегендер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында коронавирустан тегін емделе алады.

Алматы, NEGE. Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы бұйрығы ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланды. Құжат Әділет министрлігінде 12 қазанда тіркелген.

Шетелдіктерге тегін медициналық көмек алуға құқық беретін аурулардың жаңа тізбесі 23 тармақтан тұрады:

  • Дифтерия;
  • Қызылша;
  • Қызамық;
  • Көкжөтел;
  • Скарлатина;
  • Желшешек;
  • Эпидемиялық паротит;
  • А, В, С паратифтері;
  • Полиомиелит;
  • Менингококк инфекциясы;
  • Тырысқақ;
  • Іш сүзегі;
  • Туберкулез (қақырық жағындысының туберкулез микобактериясының болуына екі рет конверсиясына қол жеткізгенге дейін бактерия бөлетін өкпе туберкулезі; науқастың өміріне қауіп төндірмейтін жағдайға қол жеткізгенге және қақырық жағындысының туберкулез микобактериясының болуына екі рет конверсиясына қол жеткізгенге дейін туберкулездің жіті үдемелі түрлері (менингит, милиарлық туберкулез));
  • Күйдіргінің өкпелік түрі;
  • Оба;
  • Вирустық геморрагиялық қызбалар;
  • Сары қызба;
  • А, Е вирустық гепатиттері;
  • Безгек;
  • Вирустың жаңа субтипінен туындаған адам тұмауы;
  • Ауыр жіті респираторлық синдром (АЖРС);
  • Коронавирус инфекциясы.
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации