Шетелден келген жолаушылар вирус жұқтырған

27 қазан, 19:31

Фото: google.com

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов Қазақстанда 1 қазаннан бері шетелден келген 39 адамнан коронавирус анықталғанын айтты.

Алматы, NEGE. «1 қазаннан бастап 7540 жолаушы талдау жасау үшін екі күндік карантинге жатқызылды. Оның ішінде 39 адамның тесті оң нәтиже көрсетті», – деді Байғабылов ОКҚ онлай-брифингінде.  

Ол жолаушылар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкен, Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау және Қарағанды қалаларына карантинге жатқызылатынын айтты. 

«Депортацияланған азаматтар келер болсақ, 6 қазаннан бастап қаулыға сәйкес шетел азаматтары бортқа ПТР-тестсіз кіргізілмейді. Тестінің мерзімі өтіп кеткен 31 азамат депортацияланды. Оның ішінде, Ресей, Украина, Беларусь, Ұлыбритания, Түркия және Германия елінің азаматтары бар», – деді Байғабылов. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации