Шетелден 4 мыңнан аса жолаушы келді

02 мамыр, 20:34

Фото: ғаламтордан

 Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Швейцария, БАӘ, Мысыр, Түркия, Беларусь Республикасы,Грузия, Украина, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 34 халықаралық әуе рейсі келді.

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚазАқпарат Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды. Өткен тәулікте 4 219 авиажолаушы келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 22 рейс, 2 633 жолаушы; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 975 жолаушы; Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 235 жолаушы; Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 148 жолаушы; Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 228 жолаушы. Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации