Ресейде митинг: Навальныйды қолдау акциясына шыққандар ұсталып жатыр

23 қаңтар, 17:09

Фото: ғаламтордан

Ресейде Алексей Навальныйды және басқа да саяси тұтқындарды қолдау акциялары болып жатыр. Наразылық шаралары Германиядан Отанына емделіп келген оппозиционердің тұтқындалуына байланысты басталды.

Алматы, NEGE. 23 қаңтарда таңертең Ресей қалаларында мыңдаған тұрғын көшеге шықты. Олар қамауға алынған оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды және басқа да саяси тұтқындарды қолдау үшін наразылық шараларын өткізді.

Хабаровскіде таңғы сағат 8.30-да Ленин алаңындағы митингіге 700-ге жуық адам жиналды. Олар Ресей президенті Владимир Путиннің бірнеше суретін алаңға шашырып, шашып тастады. Кейін мегафондары бар полицейлер қатысушыларға Хабаровскідегі акция алдын ала билікпен келісілмегенін және оны таратуды талап етті.

Ерекше мақсаттағы милиция жасағы алдымен жиналғандарды алаңнан шығаруға тырысты. Кейін сағат 9.30-ға қарай наразылық білдірушілерді жеке-жеке ұстай бастады. Ал айналасындағы адамдар оларға "Фашистер!" деп айғайлады.

Ал Мәскеуде наразылық шарасына бірнеше сағат қалғанда Пушкин алаңы толығымен қоршалды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации