Павлодар облысында карантин қайта күшейтілді

23 қаңтар, 14:46

Фото: ғаламтордан

Павлодар облысында коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты карантин шаралары тағы да күшейтіледі.

Алматы, NEGE. Өңірде қалааралық, облысішілік және облысаралық жолаушылар тасымалы тоқтатылады. Демалыс күндері қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы жеткізу және шығару режиміне ауысады. Өңір аумағында карантин шараларын күшейту туралы жаңа қаулыны Павлодар облысының бас санитар дәрігері Батырбек Әлиев қабылдады.

"Павлодар - Ақсу қатынасын қоспағанда, ауданаралық, облысішілік және қалааралық жолаушылар тасымалы тоқтатыла тұрады. Бұдан басқа, сенбі және жексенбіде қоғамдық тамақтану объектілерінің әдеттегі форматтағы жұмысы тоқтатылады. Олар жеткізу және шығару режиміне ауысады. Карантин шараларының күшеюі сырқаттанушылықтың жалғасуымен және эпиджағдайдың нашарлауымен байланысты", - деп хабарлады Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі Ғизат Әбешев.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации