Пәтер тонағандар ұсталды

20 қараша, 09:39

Фото: ғаламтордан

Қызылордада пәтер тонаған жігіттер ұсталды.

Алматы, NEGE. Оқиға Қазалы ауданында тіркелген. Жергілікті тұрғын биылғы жылдың маусым айының 11-30 күндері бірнеше үйден дүние-мүлік ұрлап кеткен.

Осылайша оларға ірі мөлшерде шығын келтірген.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 1,2,3-тармақтарымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Онда тұрғын үй-жайға бірнеше рет кіру арқылы бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде жасырын жымқыру жағдайы көрсетілген.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында дәлелдемелер жинақталып, сот сараптамасы жүргізілді. Осыған сәйкес Қазалы аудандық сотының үкімі негізінде 25 жастағы айыпталушыға 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды» деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации