Өскеменде электронды кітапхана ашылды

01 желтоқсан, 20:43

Фото: cppmisp.uprovorcuta.ru

Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде цифрлы кітапхана ашылды.

Алматы. NEGE. Бұл әсіресе қашықтан оқитын студеттер үшін қолайлы болды. Онлайн жүйеде жұмыс істейтін жаңа залдар да дайындалды. Бұл – Тұңғыш Президенттің тапсырмасы бойынша іске асқан жобалардың бірі. Енді өз нәтижесін беріп жатыр. Қашықтықтан оқытудың барлық талаптарын ескере отырып, 4 мыңға жуық кітапты цифрлық жүйеге көшірілді. Әр кітапты бір минут ішінде телефонға жүктеп алуға болады. Оның ішінде Елбасының 40 туындысы бар.

Риза Бегімова, кітапханашы:

Кітапхана бүгінгі күні заман талабына сай өркендеп отыр. Жан-жақты қамтылған. Жаңа инновациялық құралдармен. Мен қуаныштымын. Университет кітапханасы әр түрлі зоналарға бөлінген.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации