Оралда қосымша шектеу шаралары енгізілді

23 қазан, 09:56

Фото: 24 kz

 Енді жексенбіде қоғамдық көлік қатынамайды, жәрмеңке де өтпейді.

Алматы, NEGE. Сонымен қатар 65 жастан асқан адамдардың аса қажет болмаса, көшеге шығуына болмайды. Мамандар тұрғындардың қауіпсіздік шараларына мұқият болуын сұрайды. Өйткені шаһарда індет қаупі сейілмей тұр. Қатерлі дерт жұқтырғандар саны 3780-ге жетті.

Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы: Назгүл Әжмұратова: "Осыған дейінгі ауру өсімі 0,1 немесе 0,2 пайызды құрап жүрді. Көбінесе үлкен жастағы адамдар арасында, яғни 60 жастан жоғары адамдарда тіркеледі. Сондай-ақ ұйымдастырылған топтар арасында да тіркеліп жатыр. Топтар арасында 9 жағдай тіркелді. Оның екеуі мектепке дейінгі балалар арасында және жетеуі мектеп оқушылары арасында" деді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации