Нұр-Сұлтанда дәмханадағы жарылыс кезінде ауруханаға түскен адамның бірі көз жұмды

25 қараша, 15:53

Фото: ғаламтордан

Елордада өткен сенбіде болған жарылыс салдарынан тағы бір адам қайтыс болды.

Алматы, NEGE. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бірнеше күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан 24 жасар ер адам көз жұмды.

Дәрігерлердің айтуынша, марқұмның жағдайы өте ауыр болған. Ол үйінді астынан табылған болатын. Ауыр бас-сүйек жарақатын алған науқасты дәрігерлер ақыры аман алып қала алмапты.

Айта кетсек, өткен аптада Нұр-Сұлтан қаласының Шұбар ауданындағы дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, 30-ға жуық адам зардап шекті, бір әйел қаза тапты. Зардап шеккен 23 адам ауруханаға жатқызылып, 11-і үйіне қайтарылған болатын. Тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатыр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации