Нотариустер QR-код арқылы жұмыс істейді

20 сәуір, 15:56

Фото: kaspersky.ru

Елімізде нотариустер 1 шілдеден бастап QR-код арқылы жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE.  Бұл туралы әділет министрінің орынбасары Азамат Әмірғалиев мәлімдеді. Бұл қадам жалған құжаттарды болдырмау және қағаз бланкілерден бас тартуға мүмкіндік береді. Мысалы, егер бұрын сенімхаттың түпнұсқалығын тексеру нотариусқа жүгіну арқылы жүзеге асырылса, енді оны QR-код бойынша смартфондағы қосымшаның көмегімен тексеруге болады. Одан бөлек, шілдеден бастап мүлікті тіркеу бойынша эксаймақтық жүйе енгізіледі. Егер бұрын мүлікті тіркеу оның тұрған жеріндегі нотариуста тіркелсе, қазір тараптар кез келген нотариуста тіркей алады. Вице-министрдің айтуынша, халыққа ыңғайлы болу үшін электрондық құжаттың қағаз құжатқа тең екендігін куәландыру бойынша нотариаттық іс-әрекеттер енгізілген. Бұл азаматтарға қажетсіз жол жүруден, поштамен және курьерлер арқылы жіберуден құтылуға мүмкіндік береді.

Азамат Әмірғалиев, ҚР әділет министрінің орынбасары:

Келесі жылдан бастап Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде нотариаттық құжаттарды сақтау үшін орталықтандырылған электрондық репозиторийді құру жоспарлануда. Болашақта нотариустер қағаз мұрағатынан бас тартады. Ал 1 шілдеден бастап жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді рәсімдеу кезінде эксаумақтылық тәртіп енгізіледі. Егер бұрын жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелер нотариустың орналасқан жері бойынша куәландырылған болса, енді тараптар оның орналасқан жеріне қарамастан кез келген нотариусқа жүгіне алады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации