«НЕГЕ»-нің студиясында Ермұрат Бапи мен Тазабек Сәмбетбай төбелесті news video

03 желтоқсан, 15:34

31 арнадағы «Неге» бағдарламасының кезекті түсірілімі кезінде студияда Ермұрат Бапи ЖСДП төрағасының орыбасары Тазабек Сәмбетбаймен төбелесіп қалды. 

Алматы, NEGE.  «Неге» бағдарламасының студиясында тележүргізуші Ерқанат Көпжасарұлы Ермұрат Бапидан: «Ермұрат мырза, осы ЖСДП-ны сіз 200 мың долларға сатып жіберді деген әңгіме рас па?», – деп сұрады. Сауалға Ермұрат Бапи жауап беруге оқталғанда партия төрағасының қазіргі орынбасары Тазабек Сәмбетбай: «Ермұрат Бапи базар қылды, саяси сахнаны базарға айналдырды. Саудагер! Көпес!», – деп спикерді сөйлетпей қойды. 

Осы сөздер Ермұрат Бапидің ашуын келтірсе керек, Тазабек Сәмбетбайға алдымен стакандағы суды шашып, артынша стаканның өзімен жіберіп ұрды. Одан кейін Бапи Сәмбетбайға «кө...ді қыс!» деп зекіп, жағынан салып жіберді. Тіпті басқалардың араласқанына қарамай, тепкенін де байқауға болады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации