Мұрны жоқ құлын туды  

04 желтоқсан, 11:30

Фото: ғаламтордан

Жақында Қарағанды облысында 3 тонна мұнай қалдығы төгілген деген ақпарат тараған. Мұны ауыл тұрғындары да растады.

Алматы, NEGE. Бұдан адамдарға қаупі бар ма, жоқ па оны құзырлы органдар зерттеп жатыр. 1 желтоқсан экология департаментінен арнайы мамандар келіп, ауа мен топырақтың сынамасын алып кеткен көрінеді. Алайда, мұндай жайттың жиі қайталанатынын, тіпті өз өңірлерінде мұрны жоқ құлын туылғанын айтқан ауыл тұрғындары шағымын жеткізді. Айтуларынша, бұл Атасу ауылы мен Жұмажанов атындағы ауылдық округтің аралығындағы учаскі. Бұл тұрғыда Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Қанат Қожықаев бар: «Төгілген мұнай емес, мұнай қалдықтары. Мұндай оқиға болғаны рас, 30-шы қараша күні сағат 19:45-те аудандық ТЖ бөліміне хабарлама түскен. Мұнайдың қалдықтарын жинауға арнайы техника мен 6 адам жұмылдырылды. Оқиға кешкі 17:30-да болған, сағат 20:40-та толығымен жиналып, әкетілді» деді.

 Әкім орынбасарының айтуынша, адамдарға қаупі бар ма, жоқ па оны құзырлы органдар зерттеп жатыр. «1 желтоқсан экология департаментінен арнайы мамандар келіп, ауа мен топырақтың сынамасын алып кетті. Сол кісілердің қорытындысын күтеміз» деді ол.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации