Модульдық аурухананың құрылысына бөлінген миллиардтарды жымқырғандаға қатысты қылмыстық іс тоқтатылуы мүмкін

23 қаңтар, 13:28

Фото: Сәрсенбек Қызайбек

Бұл туралы бүгін жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлімдеді.

Алматы, NEGE. "Бұл қылмыстық іс жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит негізінде тіркелді. Тергеу барысында құрылысқа кеткен шығынды нақты анықтау үшін түскен актілер міндетті түрде тексеріледі. Нақты сомманы және ақшаның желінген-желінбегенін анықтау тиісті сараптама тағайындалады. Көп жағдайда алдын ала анықталған шығын расталмайды. Кейде іс қысқартылады" - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Апта басында жемқорлыққа қарсы күрес қызметі коронавирус жұқтырған науқастарды емдейтін модульдық аурухананың құрылысына бөлінген қаржының қолды болғанын мәлімдеген еді.

280 орындық ғимараттың құрылысына 5 миллиард 900 миллион теңге бөлініпті. Алайда соның тек 2 миллиарды ғана жұмсалып, қалған 4 миллардтай қаражат талан-таражға түсті делінген. Аталмыш іс бойынша жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев күдікке ілінген болатын. Кейін жауапты агенттік бұл мәлімдемені жоққа шығарып, нақты кімнің ұсталғанын айтқан жоқ.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации