Министр мораторий енгізілгенге дейін жекеменшікке берілген жерлер туралы айтты

07 сәуір, 13:11

Фото: ғаламтордан

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мораторий енгізілгенге дейін жекеменшікке берілген жерлердің көбісі оңтүстік өңірлерде қамтылғанын айтты.

Алматы, NEGE. «Қазіргі уақытта ресми деректерге сүйенетін болсақ, 1 млн 472 мың гектар жер (ауыл шаруашылығы мақсатындағы) жекеменшікте. Сондықтан осы бағытта қанша субъекті бар», - деп сұрады депутат Геннадий Шиповских Өз кезегінде Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров бұл жерлер мораторий енгізілгенге дейін берілгенін еске салды.

«Өзіңіз айтып өттіңіз, 1,5 млн-ға жуық жер жекеменшікте, олардың барлығы мораторий енгізілгенге дейін алынған. Санына тоқталсақ, бүгінде олар - 128, яғни заңды әрі жеке тұлғалар бар. Олардың басым бөлігі оңтүстік облыстарда алынған. Ол жерде жайылым жерлер де, егістік те бар. Негізі, олар азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін шикізат өндіру бағытында жұмыс істеп жатқандар. Қазіргі кезде олардың барлығын әкімдіктер, ғарыштық мониторинг арқылы бақылауда ұстап отырмыз», - деді министр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации