Мылқау етікшінің есірткі саудасына қандай қатысы бар?

31 қазан, 16:04

Фото: google.com

Алматыда құлағы нашар еститін әрі мылқау ер адам етік жөндеу шеберханасында есірткі сақтаған.

Алматы, NEGE. Бұл туралы жергілікті тұрғындар «Орбита» шағынауданының учаскелік инспекторларына шағымданған.

Бостандық ауданының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде учаскелік полиция инспекторлары полиция көмекшілерімен бірге етікшіні ірі көлемдегі есірткімен ұстады.

Есірткі заты – гашиш оның жұмыс орнынан, аяқ киімнен табылды. Ұсталған адам саңырау әрі мылқау. Сондықтан ұстау кезінде ол полиция қызметкерлеріне есірткіні қайдан алғанын және оны қандай мақсатта өзімен бірге сақтағанын түсіндіре алмады.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі көлемде сату мақсатынсыз заңсыз дайындау, өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау) бойынша басталды», – деді Бостандық аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Еділхан Байғараев.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации