Мемлекет ақшасын жымқырған бухгалтер 3 жылға сотталды

28 қараша, 13:27

Фото: google.com

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық білім бөлімінің бас бухгалтері мемлекет ақшасын талан-таражға салғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алматы, NEGE. «Antıkor ortalyǵy» сервистік орталығының алаңында СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин Уәлиханов ауданындағы білім бөлімі бас есепшісінің қылмыстық құқық бұзушылық ісі жайында мәлім етті. Ірі көлемде алаяқтық жасаған Алтын Төтебаева кінәлі деп танылып, Уәлиханов аудандық сотының үкімімен 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ сотталушы 3 жыл мерзімге қаржылық қызметпен байланысты лауазымдарды атқара алмайды. Іс материалдарында Алтын Төтебаеваның ай сайын білім бөліміндегі үнемделген ақшаны өзінің жеке карточкалық шотына аударып отырғандығы айтылады.

«Бюджет қаражатын білім бөлімінің басшылығы, сондай-ақ басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар жеткілікті деңгейде қадаламағанына көз жеткізген бас бухгалтердің орынбасары, ал 2017 жылдың 3 қазаннан бастап бас бухгалтер болған А.Төтебаева өзінің заңсыз әрекеттерін жалғастырды. 2017 жылғы қаңтар мен 2019 жылғы желтоқсан аралығында ол бюджеттен 5 млн 657 мың теңге жымқырды», – дейді Нұрлан Жахин.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации