Мәжіліс сайлауының тәртібі өзгеруі мүмкін

07 сәуір, 14:24

Фото: ғаламтордан

Парламент Мәжілісіне сайлау кезінде партиялардың өту шегі 7-ден 5 процентке дейін төмендеуі мүмкін. Сондай-ақ барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын» деген бағанды қосу көзделіп отыр.

Алматы, NEGE. Бүгін Мәжіліс сайлау туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң жобасын талқылады. Мұнда жергілікті әкімдерді тікелей сайлауды тағайындау, кандидаттарды ұсыну, тіркеу, дауыс санау тәртібіне түзетулер енгізілген. Мұнан бөлек жергілікті әкімдер сайлауына саяси партиялар да кандидаттарын ұсына алады. Әкім қызметіне өзін өзі ұсынуға да болады. Мәжілістегі арнайы комитет заң жобасын қарап, қорытынды әзірлейтін болды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации