Маңғыстау облысында биыл алғаш рет 26 градус аяз тіркелді

25 ақпан, 08:37

Фото: ғаламтордан

Климаты жылы өңір Маңғыстауда қыс кәріне енді мінген сыңайлы. 

Алматы, NEGE. Ақтаудан шалғай Бейнеу ауданында биыл алғаш рет 26 градус аяз болды. Қалған елді мекендерде сынап бағаны 20 градусқа дейін төмендеді. Синоптиктердің айтуынша, ауа райының күрт бұзылуына аймаққа солтүстік-батыстан келген циклон себеп болған. Салдарынан кей жерлерге қалың қар түсіп, соңы мұзтайғаққа ұласты. Аптаның аяғына қарай шуақты күндер келеді деген болжам бар.

«Қазгидромет» РМК филиалының инженер-синоптигі Наталья Бочкова: "Ауа райының күрт салқындайтыны жайлы 2 күн бұрын аймақ тұрғындарына СМС-ескерту жіберілді. Біз келтірген болжам расталды. Алайда, уайымдауға негіз жоқ. 26 ақпаннан бастап күн шуақты болады. Кей жерлерде көктайғақ сақталуы да мүмкін. Ақтауда ауа температурасы минус 4-5 градусқа дейін жылынады деп отырмыз" деді. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации