Мақат ауданында түсімдердің кірістер бөлігі 131%-ға орындалды

28 қаңтар, 18:10

Фото: ғаламтордан

Мақат ауданында өткен жылғы індетке қарамастан, әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштер бойынша, әсіресе, бюджетке салынған түсімдер бойынша өсімдер байқалады, деп хабарлайды Aтырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Мақат ауданы әкімі Шәкір Кейкин бүгін онлайн есеп беру кезінде мәлімдеді.

Ауданның 2019-шы жылдың жылдық қорытындысынан 2020-шы жылдағы жетістіктеріміз жоғары болмаса, еш төмендігі жоқ екенін бүгінгі көрсеткіштерден байқауға болады. Бұл ауданымыздың еңбектегі азаматтары мен мекеме басшыларының ерен еңбегі деп бағалағым келеді.  

Ауданның жергілікті бюджетке  салықтан тыс және негізгі капиталды сатудан түскен түсімдердің кірістер бөлігі 1 млрд 889,1 млн.теңге көлемінде  жоспарланып,нақты 2 млрд 476,2 млн.тенге түсіп, 131 пайызды құрады.Былтырғы жылмен салыстырғанда 122,7 пайызға орындалды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации