Құрма – коронавирустың жауы

30 қараша, 19:29

Фото: ғаламтордан

Жапон ғалымдары кәдімгі құрма ауызға ғана емес, коронавирусқа да жабысып қалатынын анықтапты. Нара медициналық университетінде жасалған ғылыми тәжірибе барысында құрмадағы танин секілді илейтін заттарды коронавирус жұқтырған адамның сілекейіне қосса ауру жұқтырудың он мың есеге төмендеп кететіні анықталған.

Алматы, NEGE. Жапон ғалымдары әзірге мұның неге және қалай осылай болатынын түсіндіре алмай отыр. Олардың пайымынша, таниндер вирустың беткі қабатына жабысып алады да, оның адам ағзасына енуіне кедергі келтіреді.

Бұл жаңалық құрмаға деген сұранысты күрт өсірері анық. Жапондар бұрыннан-ақ құрмаға әуес. Бүкіл ел аумағында құрманы үйдің алдында кептіру дәстүрі қалыптасқан. Тіпті Жапонияның теміржол стансаларында кептірілген құрманы көруге болады. Ең қызығы оны ешкім ұрламайды.

Гумма префектурасындағы Наканодзё вокзалындағы кептірілген құрма

Әзірге жапон ғалымдары мұның тек ғылыми тәжірибе екенін айтуда. Бірақ болашақта құрмадан коронавирусқа қарсы сағыз немесе кәмпиттер жасауға болады дейді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации