Қосшыда жоғалған 6 жасар қыз табылды

11 сәуір, 09:55

Фото: ғаламтордан

Ақмола облысының Қосшы ауылында жоғалған 6 жасар қыз бала елордадан табылды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Алматы,  NEGE. Ведомствоның мәліметінше, Целиноград аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Қосшы аулының тұрғыны әйел хабарласып, психикалық дертке шалдыққан 23 жастағы ұлы үйден 6 жастағы қарындасын ертіп белгісіз бағытта кетіп қалғанын айтқан.

Бұл туралы әйел әлеуметтік желіге жазба қалдырып, желі қолданушылардан көмек те сұрады.

«Полиция қызметкерлері бірнеше топқа бөлініп, іздестіру шараларын қолға алды. Нәтижесінде жас жігіт пен қыз бала Нұр-Сұлтан қаласындағы «Еуразия» сауда үйінің маңында жүргені анықталды», - деді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі кезде жоғалған қыз анасымен қауышты. Оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Ал, оның 23 жастағы ағасына қатысты психоневрологиялық диспансерге орналастыру мәселесі қаралуда.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации