Коронавирустың тағы бір зиян тұсы анықталды

20 қараша, 12:06

Фото: ғаламтордан

Коронавируспен ауырған кейбір науқастар тістерінің түсе бастағанына шағымданған.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Huffington Post хабарлады. Биолог Уильям Лидің айтуынша, вирусты жұқтырған адамдардың тістерінің нашарлауы қан айналымымен байланысты болуы мүмкін, өйткені инфекция қан тамырларына әсер етеді. Коронавирустың қан тамырларын зақымдауы уақыт өте келе тіске қатысты проблемаларды тудыруы мүмкін екендігін айтып өтті. Сондай-ақ COVID-19 ауыз қуысында болатын ACE2 рецепторларына әсер етеді. Сарапшылар коронавирустық инфекция мен тістердің арасындағы байланыс туралы қорытынды жасамас бұрын зерттеу жүргізу қажет деп санайды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации