Көлікті қайта тіркеу едәуір жеңілдеді

25 қаңтар, 20:40

Фото: google.com

Қазақстанда көлікті қайта тіркеу жұмысы едәуір жеңілдеді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин желідегі парақшасында жазды.

Алматы, NEGE. «Мен министр лауазымына кіріскеннен кейін мен бірден арнайы ХҚО-лардың жұмысымен танысқанмын. Сол кездің өзінде адамдардың көптігінен туындайтын қарбаласты қалай еңсеруге болатынын ойлана бастадым. Біз командамызбен бірге бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы – қызметті онлайн форматқа ауыстыру екенін бірден ұқтық. Эgov порталында бұл қызметті электронды форматқа қалай іске асыруға болатынын өзім де көріп, қасымда кеңесші отырса да екі сағат уақытым кетіп еді», – деді министр.

Бағдат Мусин сол себепті Ішкі істер министріне бұл процесті толық қайта қарауды ұсынғанын, оны банктерге енгізу керектігін айтқанын жазды.

«Біз бүгін ресми түрде автокөлікті қайта тіркеу қызметін Ішкі істер министрімен бірге Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы іске қосамыз. Ендігәрі автокөлікті қайта тіркеу үшін арнайы ХҚО-ға барудың қажеті жоқ. Kaspi.kz немесе басқа да банктердің мемлекеттік қызметтер айдарына кіріп, автоны қайта тіркей беріңіз. Халық банк дәл қазіргі уақытта осыған ұқсас қызметті, атап айтқанда несиеге сатылған автокөлікті қайта тіркеу қызметі бойынша жұмыс жүргізуде», – деді ол.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации