Қызылордада дәретханадан сәбидің денесі табылды
02 желтоқсан, 16:48

Қызылорда облысында жер үйдің дәретханасына сәбиін тастаған әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы. NEGE. Қызылордадағы жер үйлердің бірінің ауласындағы дәретханадан жаңа туған нәрестенің мәйіті табылған. «2020 жылдың 1 желтоқсаны күні Қызылорда қаласында жер үйлердің бірінің ауласындағы дәретханадан жаңа туған нәресте мәйітінің табылу дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабымен (Жаңа туған баланы анасының өлтiруi) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдікті азаматша анықталды», – делінген мәліметте. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды.