Қысқы курорттар қашан ашылады?

20 қазан, 18:59

Фото: google.com

Алматы бас санитарлық дәрігері «Медеу» мен «Шымбұлақ» курортының карантин уақытында қалай жұмыс істейтінін айтты.

Алматы, NEGE. «Осы туристік нысандарға келсек, олардың оң және теріс тұстары бар. Ашуға тыйым салынатын себебі – адам көп жиналады. Жақсы жағына келсек, бұл жерде ультракүлгін сәуле көп. Ол әлбетте вирусты жоюға септігін тигізеді», – деді Жандарбек Бекшин.

Одан бөлек бас санитарлық дәрігер «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортын ашу туралы ұсыныс түспегенін айтты.

Ал «Медеу» мұз айдыны басшылығының ұсынысын қазір қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті қарап жатыр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации