Казино күзетшісі тексерушілерге қарсылық көрсетіп, оқ атты

20 сәуір, 16:58

Фото: zakon.kz

Қапшағайда казиноның күзетшісі атыс шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы, NEGE.  Облыстық полицияның хабарлауынша, оқиға 18 сәуірде сағат 23:00 шамасында болған.

«Күзетші монитрингтік топтың жұмысына қарсылық танытты. Ол өз қаруымен аспанға бір рет оқ атқан. Зардап шеккендер жоқ. Ер адам сол жерде ұсталды, қару тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді», - деп атап өтті полициядағылар.

Бұл фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы, 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Күдікті Қапшағай ПБ-ның уақытша ұстау изольяторына тоғытылды», - дейді полициядағылар.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации