Қазақстанның экспорты күрт төмендеді

16 қаңтар, 15:01

Фото: google.com

Қазақстан Республикасының Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) елдерімен сауда-саттық көлемі 9,6% азайды.

Алматы, NEGE. «Қазақстанның ЕАЭО елдерімен 2020 жылғы қаңтар-қарашадағы өзара саудасы 17660 млн АҚШ долларын құрап, 2019 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 9,6% азайды. Соның ішінде экспорт – 4966,4 млн АҚШ долларын (13,5% азайды), импорт 12693,6 млн АҚШ долларын (7,9% азайды) құрады. Қазақстанның Одаққа мүше мемлекеттермен сыртқы саудасында көлемі жағынан алдыңғы орында Ресей Федерациясы тұр – 92,2%. Кейін Қырғызстан – 4,1%, Беларусь – 3,6%, Армения – 0,1% елдері орналасқан.», – деп хабарлады мамандар.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации